Ақ тілекке толсыншы уыстарың,
Келін түсіп кеңейіп ұлыстарым.
Шақырамыз
құда-жекжат, дос-жараным,
Төрге шық нағашы-жиен,
туыстарым.
Көру үшін нұрын шашқан жүздерді,
Жинап бүгін жаны жайсаң ізгі елді,
Қуанышқа келіңіздер жақсылар,
Шақырамыз той төріне сіздерді.